Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы 88 млн теңге жымқырғандарға сот үкімі шықты

Қызылорда қаласында балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шығарылды.

ҚМА

Алматы, NEGE. Аталған қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.

Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсалған.

Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады