Қызылордада бір тәулікте жоғалып кеткен 10 жасөспірім табылып, ата-анасына табысталды

Қызылордада бір тәулікте жоғалып кеткен 10 жасөспірім табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 10 сәуірден бастап өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үздіксіз жұмыс атқаруда. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, әсіресе топтық төбелес, бопсалау, суық қару тасымалдау сынды қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруін болдырмау.

Бір тәулікте полицияның «102» арнасына 10 жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі бойынша өтініштер келіп түскен. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларын бастап, қала көлеміндегі барлық полиция күштеріне бағыт-бағдар беріліп, белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде барлық жасөспірім табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді