Қызылордада «Ауыл аманаты» жобасының конкурс жеңімпаздары марапатталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық конкурс қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және тағы басқалар қатысты.