17 сентября 2022 г. 9:15
Қызылорда: Жыл басынан бері 297 өрт тіркелді
Қызылорда облысында биылғы сегіз айда 297 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғалары салдарынаннан 3 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды.
Алматы, NEGE. «Аталған оқиғалардың 25-і өрт объектілерінде, 180-і тұрғын үй секторында, 70-і автокөлікте, 13-і далалы алқапта, 9-ы басқа да жағдайларда тіркелген. Олардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болған. Сондықтан жылу беру маусымында пеш пен электр қондырғыларын талапқа сай пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау қажет», - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков.