Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов сотталды
Қызылорда қаласының №2 сотында облыстың бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қылмыстық ісіне қатысты сот үкімі шықты.
Қызылорда. NEGE. Қ.Ысқақовт және оның екі орынбасары Мұрат Имандосов пен Марат Делмұханов, сондай-ақ бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов сот алаяқтық ісі бойынша айыпты деп танылды.
- Тақырыпқа орай: «Шпекбаев департамент басшысын ұстатуға мәжбүр болды»
Сот үкімімен бұрынғы әкім Қ.Ысқақов 7 жылға сотталып, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болды. Ол мемлекеттік, ұлттық немесе квазимемлекеттік мекемелерде қызмет ету құқығынан қоса айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны жөнінде ең алғашқылардың бірі болып Nege.kz жазған. Бұрынғы әкім Арыс қаласын қалпына келтіру үшін жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталды. Бұл іс бойынша экс-әкім мен оның орынбасарлары, кәсіпкерлерден бөлек, Антикордың лауазымды тұлғасы да істі болды.