27 сентября 2021 г. 12:29
Қызылорда облысында тағы бір шенеунік ұсталды
Қызылорда облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов Әбдімәлікұлы ұсталды. Бұл туралы Чиновник телеграм-каналы хабарлады.
Тақырыпқа орай: «Қызылорда облысында ірі шенеунік ұсталды»
Алматы, NEGE. Ол Қылмыстық кодекстің 367-бабы, 3-бөлімі бойынша күдікке ілінді. Яғни, Жақсылық Оспанов ақша жинап, Қызылорда қалалық прокуратурасынан мамандандырылған спорт мектептерін бағалауға келген қызметкерге 8 млн теңге көлемінде пара берген деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Nege.kz порталы өткен аптада жазған болатын.