Қызылорда облысында көлік жүргізушісі түйемен соқтығысып жазым болды

Қызылорда облысында көлік жүргізушісі түйемен соқтығысып, көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Қызылорда-Жалағаш тас жолында Сырдария ауданы аумағында болған.

"Мазда-626" автокөлігінің түйе малын қағып кету дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда”, – деді полицияда.