Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды.

Алматы, NEGE. «Сәйкесінше карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.

ұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 143 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды . Оның 21-і қауіпті індеттен толық жазылып шықты. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген