Қызылорда облысында қайғылы жол апаты болды

24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Полиция.

Алматы, NEGE. Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.