Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөліміне ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 газ құбырын ұрлап кеткен. Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің облыс аумағында болған осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады