Қызылорда облысында 17 жасар тұрғын жол-көлік оқиғасын жасады

4 мамыр Шиелі кентінде 17 жасар тұрғын Toyota автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, ЖКО жасаған.

Алматы, NEGE. Жол апаты салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған үшеуі жарақат алды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.