Қызылорда облысында жоғалып кеткен АН-2 ұшағының экипажы 8 сағаттан кейін табылды

Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы жерге қонуға мәжбүр болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Олардың қайда екені белгісіз еді, байланыс болмады.

Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалып кеткендер ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді