Қызылорда облысында шетел азаматтарына заңсыз құжат ресімдегендер анықталды

ҰКҚ-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілерді анықтады.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген. Тінту барысында айғақ заттар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі (жекеше нотариустардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы), 394-бабының 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) және 366-бабының 1-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр