Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны құрықталды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?