Қызылорда облысында кибералаяқтар ұсталды

Прокуратураның ұйымдастыруымен жүргізілген арнайы жедел тергеу іс-шаралары барысында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында орналасқан қылмыстық топты ұстады.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.

Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына «несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз» деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталуда.

Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады