Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған бас есепші сотталды

Арал ауданындағы мектептің бірінің бас есепшісі бұл заңсыз әрекетін өзінің қызметін пайдаланып, 2023 жылдың қаңтар-2024 жылдың тамыз айы аралығында жүзеге асырған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, бас пайдасына жаратқан.

– Бұл іс әрекеті әр ай сайын жалғасып келген. Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударған.

Тергеп-тексеру барысында сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам шығын келген.

Сот шешімімен бас есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылды. Ол қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығынды үкім заңды күшіне енген соң 2 ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді, – деп хабарлады Қызылорда облысы бойыынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты