Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғын сотталды

Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Аталған шара барысында деструктивті діни ағым ұстанатын 36 жастағы ер азамат әлеуметтік желіде экстремистік материалдарды таратқаны анықталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?