Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды.

Антикор

Алматы, NEGE. Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты