Қызылорда қаласында Яссауи көшесі жаңғыртылады

Биылғы жылы да аймақ басшысының қолдауымен қалада ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғыртуға арналады.

Қызылорда қаласы әкімдігі

Алматы, NEGE. Яғни, ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақтыға ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер жолы түсіп, толығымен жарықтандырылады. Жоба құны 3 млрд теңге. Бұл жұмыстардың басталуына республикалық бюджеттен 300 млн теңге бөлініп отыр. Жоспар бойынша қайта жаңғырту жұмыстары күз айларына дейін аяқталуы тиіс.

Қызылорда қаласы әкімдігі

Мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС бүгінде дайындық шараларын бастап кетті. Маңызы зор жобаның жай-жапсарымен танысқан қала әкімі Асылбек Шаменов компания өкілдеріне құрылысқа қажетті материалдардың сапалы, жасалатын жұмыстардың тиянақты болуын тапсырып, жауапты сала жетекшілеріне күнделікті бақылау жасап отыруды міндеттеді.

Айта кету керек, қайта жаңғыртудан өтетін көшенің бойын абаттандыруға қосымша жоба әзірленуде.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді