Қызылорда қаласында талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті

Оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2.25 шамасында болған.

© iStock

Алматы NEGE. «Жол бойындағы талға соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Өрт сағат 2.39 минут өткенде толық сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады