Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілуі мүмкін

Қызылордадағы қалалық әуежайын вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына беру туралы келіссөз жүріп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті. 

Қызылорда облысы

Алматы, NEGE. «Біз озық технологияларды, компанияларды тартып жатырмыз. Мақсат – олардың технологиялық және әкімшілік тұрғыдан бізге көмектесіп, еліміздің, соның ішінде әуежайлардың қызметін жақсарту. Қазір вьетнамдық тараппен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әңгіме вьетнамдық тараптың біраз уақытқа әуежайды басқаруына қатысты болып отыр, бұл әуежай жұмысының жалпы сапасын арттыру үшін жасалып отыр», – деді Әлібек Бақаев Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатта.

Сондай-ақ министрдің орынбасары әңгіме Қызылорда қалалық әуежайына қатысты екенін нақтылады. Айта кететіні, әуежай сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, ал сату мәселесі қарастырылмайды.

«Бұл сату емес. Біз стратегиялық нысандарды сатпаймыз», – деп толықтырды Әлібек Бақаев.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды