Қызылқоғада дала өрті толастар емес

Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы

тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 2020 жылғы 14 шілдеде сағат 13:50-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды. Атырау облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ жеке құрамынан жеті адам мен бір бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен 01:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған