Қызылқоға ауданындағы бөбекжай-балабақшаға сәбилер 1 жастан қабылданып жатыр
Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы 2014 жылдан бері сәбилерді бір жастан бастап қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау, NEGE. «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Бақытжамал Жұмабаеваның айтуынша, қазіргі таңда балабақшада 80 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 36-сы педагогтар. Сондай-ақ 250 бала бар. 130 бүлдіршін кезекші топтарда тәрбиеленуде.
Ерте жас тобының тәрбиешісі Гүлжазира Кенжебайқызының айтуынша, бүлдіршіндерге негізінен ашық оқу қызметі сабағын өткізілуде.
Айта кетелік, облыс бойынша 48 бөбекжай-балабақшада 1 жастағы 1970 сәби бар.