Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қызыл су тұрғын алабындағы тұрғындардың көтеріп жүрген ауыз су мәселесі қазіргі уақытта түбегейлі шешілді.

Шымкент, NEGE. Бүгінгі күнге дейін тәулігіне 3,4 сағат қана су берілетін тұрғын алабы, бүгінгі күні тәулік бойы үздіксіз сапалы ауыз суды пайдалануда.

Шалғайда орналасқан тұрғын алабта ауыз су мәселесін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты мамандары тарапынан «Родник-2004» ЖШС-і бірқатар жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде, іске қосылмаған 50 м3 су жинақтағыш жөнделіп, құбырларды жуып-тазалау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, 200-ге жуық абонент тұрақты түрде ауыз су тұтынуда.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды