«Қызыл» статуспен дәмханаға барған астаналық 87,5 мың теңге айыппұл төледі

Елорда тұрғынына «қызыл» түсті мәртебемен дәмханаға барғаны үшін айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Үйде оқшаулану режимін бұзғаны үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама толтырылды. Оның санкциясында 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл қарастырылған. Айта кетейік, биылғы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды.

Оның ішінде 1888 адамда «қызыл» түсті мәртебе (коронавируспен ауыратындар), 2151 адамда «сары» түсті (науқаспен жақын байланыста болғандар) мәртебе болған. Оның ішінде, 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 келуші анықталды (247 келушінің – «қызыл» түсті, 244 келушінің – «сары» түсті мәртебесі бар).

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін