«Қызыл» статусы бар 10 адам жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 10 тұрғынға оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматы, NEGE. Санкция бойынша 87 510 теңге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.
ПТР тестінің оң нәтижесі бар тұрғындар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесінде жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысқан.
Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.