Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың қыркүйек айының 27-і күні “Охотзоопром” мекемесінің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қаскүнемдер құрықталды. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдік келтірген “Урал” мотоциклі тоқтатылды. Жедел-тергеу тобымен мотоцикл ішінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, аңшы мылтығы және пышақ алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?