«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды атқан Шу тұрғындары ұсталды

Шу тұрғыны Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты Бел станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.

49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың Mitsubishi Pajero автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі, жарық шамы табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ