Қызыл алаңда намаз оқыды

Мәскеудің Қызыл алаңында намаз оқығысы келген екі азаматтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбаға қарағанда, екеудің бұл әрекеті полиция қызметкерлерінің көңілін өздеріне аударған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Московские новости» газетінің Telegram-каналы жариялады. Кадрда полицейдің ер азаматтарға келіп, сөйлесіп жатқаны байқалады. Алайда, екеудің біреуі сол мезетте жүресінен намаз оқыса, екіншісі жанында отыр. Бұдан кейін тағы бір полицей келіп, әңгімеге тартқан.

Қазір Мәскеуде 4 миллионға жуық мұсылман өмір сүреді. Оның ішінде жергілікті және жан-жақтан келгендер бар.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін