«Қызыл аймақта» тұрған өңірлер аталды
12 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Алматы, NEGE. «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.