«Қызыл» аймақта 10 өңір қалды
Коронавирусқа қатысты ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланд.
Алматы, NEGE. 27 сәуірдегі жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары тұр. «Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Айта кетейік, коронавирус бойынша ахуалды бағалау матрицасы 26 сәуір күнімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.