2 февраля 2026 г. 15:07

«Қызық мәлімдеме жасаймын»: Бадықованың бұрынғы күйеуі де кино түсіріп жатыр

Фото: instagram/musaev_darhan

Танымал актриса және продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев кино түсіруге кіріскенін хабарлады.

Астана, NEGE. Актер желіде бейнеүндеу жариялап, бұған дейін фильмге идея мен серіктес іздегенін, кино түсіру жұмысы басталғанын мәлімдеді.

«Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрдім. Өзіме серіктес іздедім. Идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, өзіме керекті таптым», – дейді ол Instagram-дағы жеке парақшасында.

Сондай-ақ Дархан Мұсаев кинода басты рөлді сомдайтын актер жөнінде арнайы мәлімдеме жасайтынын айтып, көрерменді қызықтырып қойды. 

«Алдағы уақытта осы кинодағы актерлар жөніндегі мәлімдеме жасаймын. Әсіресе басты рөлдегі актер жөнінде өте қызық мәлімдеме жасайтын боламын. Күтіңіздер. Назарларыңызға рахмет!», – дейді ол. 

Сөз соңында Мұсаев желідегі оқырмандарын қолдау көрсетуге шақырды.