Қыздар құрамасы хоккейден әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі.

Алматы, NEGE. Қыздар командасы Исландияны 7-0 есебімен жеңді. Чемпионат Болгарияның София қаласында өтті.

Қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.

Осыған дейін олар Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) командаларын ұтты.

Мәдениет және спорт министрі хоккейден қыздар құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.