Қыз ұзату жасаған тұрғын жазаға тартылды

Түркістан қаласында жергілікті тұрғын мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасаған.

Алматы, NEGE. 60 адам жинап, құдалық тойын өткізген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мейрамханаға учаскелік полицейлер барған. Тойды тоқтатып, қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.Жиналғандарды тарқатып, мейрамхана иесі мен құдалық тойын ұйымдастырушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен хаттама толтырған.

Іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қалалық СЭББ-ға жолдаған. Сонымен қатар карантин талаптарын қадағалау мақсатында жүргізілген рейд барысында, Түркістан қаласында орналасқан азық-түлік дүкендерінде де бірқатар кемшіліктерге жол беру деректері анықталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді