Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҰҚК мен Бас прокуратура киіз үйде ашық-шашық билегендерге қатысты пікір білдірді.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақтың киіз үйінде жартылай жалаңаш билегендердің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын тудырған болатын.

«Аталған факт бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданады.

Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейнеролик авторларының ниетін анықтау және қылмыстық құқықтың көрсетілген нормасына объективті құқықтық баға беру мүмкін еместігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды