Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынды. Тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр.

фильмнен кадр

Алматы, NEGE. «Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылды.

Мұның бәрі жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылып жатыр. Бұл ретте біреуді өз еркіне қарсы алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», - деді М. Әбенов.

Қазақстанда қыз алып қашқандарды 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады