Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы 1 ақпанның сағат 08:00-ге дейін, қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметте. 

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?