Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады

ҚР Көлік министрлігі рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «2025 жылдың наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады», - делінген хабарламада. 

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап «Air Cairo» әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?