Қытайдың жаңадан тағайындалған Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын бастады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин жаңадан тағайындалған Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының барлық өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбаттастар 2025 жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Бұған қоса көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазақ-қытай ықпалдасудың өзекті мәселелері бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады