Қытайдың Хайнань провинциясында тайфунға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Хайнань аралдық провинциясында жексенбі күні таңертең 8:00-де төртінші деңгейлі төтенше жағдайға ден қою механизмі іске қосылды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл 2025 жылғы 16-шы тайфун – «Тапаның» қалыптасуы мен жақындауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Синьхуа.

Провинцияның метеорологиялық қызметінің мәліметінше, жексенбі күні таңғы 7:00-де «Тапа» Оңтүстік-Қытай теңізінде, Гуандун провинциясының Маомин қаласына қарасты Дяньбай ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым қашықтықта тіркелді. Оның орталығына жақын маңдағы желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткен.

Синоптиктердің болжамынша, тайфун күшейе түсіп, солтүстік-батысқа қарай сағатына 10-15 шақырым жылдамдықпен қозғалады.

Дүйсенбі күні таңертеңнен түске дейін Гуандун провинциясындағы Чжухай және Чжаньцзян қалаларының жағалауына соққы беруі мүмкін.

Жексенбі күні күндіз дауыл Цюнчжоу бұғазы мен Бэйбувань шығанағына шығыстан соққан қатты жел әкелмек. Желдің күші - 5, кей жерлерде 7-8 балға дейін жетеді.

Хайнань аралының шығыс жағалауында желдің екпіні 7-9, тіпті 10-11 балға дейін күшейеді деп күтілуде.

Сиша мен Чжунша аралдарының акваториясында ол 6-8, кейде 8-10 балға дейін барады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?