Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Қытайда көмір шахтасында ірі апат болып, ондаған адам қаза тапты.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Оқиға Шаньси провинциясындағы «Люшэньюй» шахтасында болған. Жарылыс кезінде жер астында 247 кенші болған.

Басылымдардың хабарлауынша, кемінде 82 адам қаза тапқан.

Дереккөздің мәліметінше, оқиғадан кейін шахтаға жауапты компанияның өкілі ұсталған. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин апаттың мән-жайын толық тексеруді тапсырды. Сондай-ақ ол өңірлер мен тиісті ведомстволарды өндірістегі қауіпсіздік бақылауын күшейтіп, қауіп-қатерлерді жоюға шақырды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бірқатар адам үйінді астында қалған.

Қазір оқып жатыр

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді