Қытайда жер сілкінді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.

istockphoto

Алматы, NEGE. Бұл туралы Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Сейсмологтар таратқан дерекке сәйкес, дүмпу 27 қыркүйекке қараған түні болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Динси қаласынан шамамен 71 шақырым оңтүстікте орналасқан, ал тереңдігі 10 шақырымға жуық.

Қазіргі уақытта қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Аймақтағы ахуалды құтқару қызметтері бақылауда ұстап отыр.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді