Қытайда ұшатын көлік шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Қытайда ұшатын автокөлік жасайтын зауыт салынады. XPeng Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшатын көлікті зерттеу, дамыту және өндіру орталығының құрылысын бастады.

XPeng

Алматы, NEGE. Болашақта кәсіпорын жылына 10 мың автокөлік жасап шығаруды жоспарлап отыр. Ұшатын көлікке алдын ала тапсырыс беруге болады, сериялық өндіріс 2026 жылы басталады. 

Ұшатын автокөлікке қазірдің өзінде тапсырыс түсіп жатыр. Үш мың адам әлі шықпаған Land Aircraft Carrier (LAC) көлігін алуға өтінім берген.

CarNewsChina хабарлағандай, жақында Гуанчжоуда зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа өндіріс орны 180 шаршы метрді алып жатыр және төрт шеберхана, сонымен қатар сырлау және жалпы жиналыс бөлмелері болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр