Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық жартасқа өрмелеушілер қос жүлдеге ие болды

Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.

Олар – Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.

Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады