Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Қытайда бұрынғы қорғаныс министрлері – Вэй Фэнхэ и Ли Шанфу өлім жазасына кесілді.

pixabay.com

Астана, NEGE. Әскери сот оларды пара алғаны және пара бергені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Екеуі де бұған дейін ҚХР Орталық әскери кеңесінің және мемлекеттік кеңестің мүшесі болған және қорғаныс министрлігін басқарған.

Сот екеуіне де бірдей жаза тағайындады: өлім жазасы, өмір бойына саяси құқықтарынан айыру және бар мүлкін тәркілеу, алайда өлім жазасына кесу үкімі екі жылға кейінге қалдырылды.

«Сот үкіміне сәйкес, Вэй пара алу, ал Ли пара алу және пара ұсыну бойынша кінәлі деп танылды», – делінген агенттік хабарламасында.

Қытай заңдарына сәйкес, сотталған адам екі жыл ішінде түрмеде жаңа қылмыс жасамаса, өлім жазасы автоматты түрде шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойғы түрме жазасына ауыстырылады. Кей жағдайларда жаза 25 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзіміне жеңілдетілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады