Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Қытайда Алматының туризм күндері өтеді! Іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту. Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған.

Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады. Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі.

Жеңімпаздар «Медеу» мен «Шымбұлақ» сияқты көрнекі орындармен таныса алады. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?