Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында әлемдегі ең биік көпір ашылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үш жыл бойы салынған нысан Хуацзян шатқалынан өтетін жолды екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартады.

Бэйпаньцзян өзенінің үстінен 625 метр биіктікте орналасқан көпірдің негізгі аралығы 1 420 метрді құрайды. Ұзындығы 2 890 метрлік нысан әлемдегі таулы жерде салынған ең үлкен аралықты аспалы көпір ретінде танылды.

Құрылыста желге төзімділік пен аса биіктікте жұмыс істеу саласында 21 патентке ие болған жаңа технологиялар қолданылды. Спутниктік навигация, дрондар және интеллектуалды мониторинг жүйелері арқылы құрылысшылар миллиметрлік дәлдікке қол жеткізді.

Соңғы жылдары Гуйчжоуда 30 мыңнан астам көпір салынды, олардың үшеуі – әлемдегі ең биіктердің қатарында.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды