Қытаймен шекарадағы «Қорғас» орталығы 24 сәуірден бастап қайта іске қосылады

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы пандемия басталғалы бері жұмысын тоқтатқан еді.

Үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарған.