Қытайлар вирустың ошағымен күресуде

Қытай коронавирустың екі ошағымен күресіп жатыр, – деп хабарлайды Xinhua.

Алматы, NEGE. ҚХР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі, 27 шілдеде Қытайдың құрлықтық бөлігінде 68 жаңа жағдай тіркелген. Оның төртеуі шетелден келгендерден, 64-і жергілікті адамдардан анықталан. 

Жаңа жағдайлардың 57-сі Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында, 6 жағдай - елдің солтүстік батысындағы Ляонин провинциясында, тағы бір жағдай - Бейжіңде тіркелген.  

Вирустың тарауын тоқтату үшін Синцзян мен Ляонин миллиондаған тұрғынды коронавирусты анықтайтын тесттен өткізе бастаған, алайда коронавирус бес өңірге тарап үлгерген. 

Жалпы Қытайда коронавирус пандемиясы басталғалы 83 959 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 4634 адам қайтыс болса, жалпы 78 934 адам аурудан айыққан

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді