Қытайлық тұрғын құс тұмауын жұқтырды

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында, Чжэньцзян қаласында адамның H10N3 құс тұмауы штамын жұқтыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті.

Алматы, NEGE. «41 жастағы ер адам 23 сәуір күні дене қызуының көтерілуінен қалтырай бастаған. Сонымен қатар басқа симптомдар да белгі берген. 28 сәуір күні ол ауруханаға түскен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы қалыпты, ауруханадан шығуға болатын стандарттарға сай», – деді Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет.

28 мамыр күні Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жүргізген зерттеу бойынша H10N3 вирусын жұқтыру фактісі расталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде